“Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Златополья отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

08.08.2017

Златополье орта мектебінің «Жаз – 2017» сауықтыру орталығы, 3 шілде ден 21 шілде аралығында өткізілді. 3 шілді ІІ маусымның ашылу салтанаты өтті. Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Жетекшілік танытқан аға тәлімгер Қалназарова Г.Қ, мектепке дейінгі пәннің мұғалімі Калимова А.А және бастауыш мұғалімі Горбачёва А. С. Осы 12 күн ішінде әр жоспарға сәйкес тапсырмалар мен ойындар, конкурстардың түрлері өтті.   Жазғы сауықтыру орталығында табиғат аясына  шығып, балалар мен неше түрлі конкурстар өткізіп ойын ойнадық. Балалардың қызығушылығын арттыру үшін  келген кезден бастап флешмобтан бастап ән конкурсынан аяқтадық. Қызығушылық пен балалар саны күннен күнге көбейе бастады. Ең алғашқы күні балалар мен танысып ортамызға практика жүзіндегі студентіміз Носков Владислав қосылды. Біз бен спорттық ойындар өткізіп өзін жақсы жағынан көрсете білді. Елбасымыздың мерекесі күні екі оқушым Жас ұлан құрамына қабылданды. Ал оқушыларымыз елбасымызға арнап, сүретін салды. Өз қызықтары мен жазғы лагерьге келген балалар, келесі жылы тағы да келетінін айтып, алғысын білдіріп кетті.

Просмотров: 299


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст