“Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Златополья отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес.

«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Златополье ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, Парковая көшесі, 14А, телефон: 87163694536, e-mail: zlato.scool.01@gmail.com уақытша бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. 1. Уақытша бос лауазым

  1. 1) Бастауышсыныпмұғалімі – аптасына 16 сағатоқужүктемесімен (1 ставка), оқытутілі – мемлекеттіктіл

1. Лауазымдықміндеттері:

  1. Барлық мамандықтар бойынша мұғалімдер:

оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытады және тәрбиелейді;

білім алушы мен тәрбиеленушінің жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

білім алушының педагогке құрметпен қарауын тәрбиелейді, педагогке аты-жөнімен сыпайы түрде жүгіну немесе «мұғалім» деп тікелей жүгіну арқылы іскерлік қарым-қатынас стилі мен сөйлеу әдебін сақтауға үйретеді;

білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлейді;

бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелеріне түсіндірмелермен талдау жүргізеді;

журналдарды (қағазнемесеэлектрондықтүрде) толтырады;

білімалушылар мен тәрбиеленушілердіңтұлғалық, жүйелік-әрекеттікжәнепәндікнәтижелергемемлекеттікжалпығаміндеттібілім беру стандартындабелгіленгендеңгейдентөменемесдеңгейдеқолжеткізуінқамтамасызетеді;

оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады, оларды оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етеді;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерделейді;

инклюзивті білім беруге жағдай жасайды;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге, олардың дамуындағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған жұмысты жүзеге асырады;

интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

ата-аналарға кеңес береді;

кәсіби құзыреттілігін арттырады;

қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтайды;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

ата-аналармен немесе олардың орнын алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттарды толтырады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.

Еңбекақы мөлшері тарификациялық тізімге сәйкес.

3. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 12 тамыздан 21 тамызға дейін.

4. Құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген (бар болған жағдайда) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағы;

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылыстары бар науқастарға динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық науқастарға динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының бар екендігін растайтын куәлік (бар болған жағдайда);

10) ағылшын тілі педагогі лауазымына орналасуға үміткерлер үшін – пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының бар екендігін растайтын куәлік (бар болған жағдайда), немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults, Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass және одан жоғары, немесе IELTS – 6,5 балл; немесе TOEFL (Internet Based Test (iBT)) – 60–65 балл;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

               Уақытша бос лауазымның мерзімі:

2026 жылғы 1 қыркүйектен 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін.


Текст