Байқау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 "Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Златополье ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Парковая көшесі 14а, телефон 87163694536, e- mail scoo-l@mail.ru бос және уақытша бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Бос лауазым:
1) Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
1. Лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;
білім алушыда педагогке құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтің аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы үндеу немесе "мұғалім/мұғалім" тікелей үндеуі арқылы іскерлік қарым-қатынас стилін және сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлімге жиынтық бағалау және тоқсанға жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
бөлім үшін жиынтық бағалауды және түсініктемелермен тоқсан үшін жиынтық бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша талдау жүргізеді;
журналдарды толтырады (қағаз немесе электронды);
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелі-белсенділік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оларды оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерделейді;
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттілігін ескере отырып оқу бағдарламаларын бейімдейді;
арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып сабақтарды қашықтықтан ұйымдастырады;
әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қауымдастықтардың отырыстарына қатысады;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
кәсіби құзыреттілікті арттырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.
2. Тарифтік тізімге сәйкес еңбекақы мөлшері
3. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылғы 02 қарашадан 2023 жылғы 10 қарашаға дейін жүзеге асырылады.
4. Құжаттар тізімі:
1) Осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.