Златополье елді мекені Құмдықөл өзенінің көркемді жерінде орналасқан. Елді мекен аумағы - 2574 га. Халықтың саны – 1302 адам.
Біздің ауылымызда мектеп, амбулатория, сауда үйі, кафе, киім тігетін ателье, 6 дүкен, ауылдық кітапханасы бар.
Ауыл өнімдерін дайындаумен «Бурабай - 2007» ЖШС бірлестігі айналысады.
Златополье ауылының іргетасын 1907 жылы Харьков, Екатеринослав және Орлов губернияларынан көшіп келгендер қалады. Осы жылы Щучье жеріне 30 жанұя көшіп келді.
Алғашқы қоныс тепкен Горбенконың, Киселевтың, Четвериктың, Щербоностың, Левченконың, Казначеевтің, Колюжныйдың, Раеноктың, Руденконың, Матвиенконың, Горбачевтың, Горобецтің, Шиловтың, Рудевтің, Скороходтың, Шипиловтың жанұялары болды.
Ақмола облысы әкімі С.В. Кулагин, Бурабай ауданы білім бөлімінің басшысы Ж.М. Төлегенов, ауыл әкімі С.С. Сипульдин және мектеп директоры Е.Т. Кудабаевтің қолдауымен 2016 жылы мектеп ғимаратында күрделі жөндеу жасалды. 2018 жылы шілде айында Златополье орта мектебі 50 - жылдық мерейтойын өткізді. Тойға Бурабай ауданының әкімі К.С. Қараулов, аудан мәслихат хатшысы Ө.Т. Бейсенов қатысты.
Әскери – патриоттық секция оқушылары, мектеп әскери оқытушысы А.В. Сиськов және Ауған ардагерлері күшімен XX – шы ғасырдың локалды соғысында және Ауғаныстанда қаза тапқандарға обелиск орнатылды.
Қазақстанда ең бірінші біздің оқушылар осы бастаманы көтергенін біз мақтан тұтамыз!