“Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Златополья отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БҰЙРЫҚ 2020-2021 оқу жылы жазғы мектепті ұйымдастыру туралы 18.05.2021 ж. № 42-А

«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЛАТОПОЛЬЕ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ЗЛАТОПОЛЬЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО БУРАБАЙСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

БҰЙРЫҚ

Златополье а.    18.05.2021 ж. 42-А

2020-2021 оқу жылы жазғы мектепті  ұйымдастыру туралы

«2020-2021 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 05  мамырдағы № 203 бұйрығы негізінде, 5-тармағына сәйкес «Пандемия, шектеу шаралары кезеңінде оқытудың сапасын арттыру және білім кемшіліктерін толтыру мақсатында ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша барлық ниет білдірген білім алушылар 2021 жылғы 19 маусымға дейін оқуын жалғастыру үшін,

БҰЙЫРАМЫН:

1. 2021 жылғы 26 мамырдан 19 маусымға дейін ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініштеріне сәйкес 1-11 сынып оқушылары үшін Жазғы мектеп ұйымдастырсын;

2. Сынып жетекшілері қолданыстағы Ата-аналар чаттары арқылы 2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру туралы ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.

3. 1-11 сынып жетекшілері ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен пәндерді көрсете отырып, өтініштер жинасын.

4. Директордың ОІ жөніндегі орынбасары А.С. Горбачева:

1) Жазғы мектептің жұмыс жоспарын жасасын;

2) сыныптарды жинақтауды ұйымдастыру;

3) оқушылардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің өтініштерінде көрсетілген пәнге сәйкес сабақ кестесін жасасын;

4) әр сынып үшін уақытша журналдарды ресімдесін;

5. Барлық пән мұғалімдері Жазғы мектептің оқу пәндері бойынша КТЖ 2021 жылдың 25 мамырына дейін бекітсін.

6. Информатика пәнінің мұғалімі Қалиева А. А. Жазғы мектептің жұмыс жоспарын мектеп сайтында орналастырсын;

7. Мектеп медбикесі Амрина Н. К. кіре берістегі оқушылардың температурасын күнделікті өлшеуді, бетперде киюді, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, сондай-ақ оқу кабинеттерін кварцтау режимін қамтамасыз етсін.

8. Директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары Т. В. Ерухина сабақтар арасында, ауысымдар арасында, ауысымнан кейін кабинеттерде ылғалды тазалауды уақтылы жүргізуді, қолды өңдеуге арналған сабын мен антисептиктердің болуын қамтамасыз етсін.

9. Тамыз педагогикалық кеңесінде жазғы мектеп жұмысының талдауын тыңдау.

10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Мектеп директоры:                         Е.Т. Кудабаев.

Бұйрықпен танысты:  ________ Горбачёва А.С.

                                     ________ Ерухина Т.

                                     ________ Амрина Н.

                                      ________ Калиева А.А.

                                     _______ Клишина С.Э.

                                     ________ Бекентаева Т.В.

                                     ________ Ишмухамедова Р.И.

                                    ________ Макишева Ш.А.

                                    ________Леоненко С.А.

                                              ______ Епифанова Г.С.

                                              ________ Мурзабулатова А.Ж.

                                               ________ Омербекова Н.О.

                                               ________ Герасимова В.А.

                                     ________Байшотова К.Ж.

                                     ________ Омаров Б.Е.

                                      ________Калиева А.А.

                                      ________Цебермановская Н.В.

Жаңартылған күні: 03.06.2021 18:06
Құрылған күні: 03.06.2021 18:06

Текст