Златополье орта мектебінің оқу жылының алғашқы айы үлкен мереке «Тілдер онкүндігімен» басталды. Әр жыл сайын асыға күтіп, тойланатын мерекеміз биылғы оқу жылында қашықтықтан оқыту жүйесінде өтті. Балалармен қашықтықта болса да, өз ісіне шебер, аяулы ұстаздарымыз ешқандай кедергіге қарамастан биылғы мерекені жоғары дірежеде тойлады.
Мерекенің мақсаты: Өсіп келе жатқан ұрпаққа Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі, Орыс тілі-ресми, ал Ағылшын тілі-Халықаралық тіл екенін білдіріп, жалпы Тіл құдіретінің адам өміріндегі ерекше екендігін жеткізе білу болатын
Мектебімізде бұл айтулы мереке қыркүйек айының 07-18-не дейін жалғасты. Бұл іс-шараға тіл мамандары: Макишева Ш.А. Мурзабулатова А.Ж. Шарипова А.Ж. Цебермановская Н.В. Герасимова В.А. Аманова Г. Жұмабеков Ж.Қ. Шулембаева Ф.Г сынды ұстаздар жауапты болды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл-демекші, тіл мамандары ортаға өз ойларын салып, оның нәтижесінде жұмыс жоспары құрылып, жұмыс басталып кетті. Сондай-ақ ұстаздар үйде отырмай, мектептегі кезекші сыныптармен санитарлық нормаға сай, түрлі іс- шаралар өткізіп, оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейтті. Қашықтықтан оқылатын сыныптар үшін сабақтың 5минуты Тіл туралы мәліметтермен басталып жүрді. Бұл онкүндікте біздің оқушылар Тіл туралы өлеңдер жаттап, суреттер салып, эссе , шығармалар жазды. Сондай-ақ, Тілдер мерекесінде ұлы Абай атамыздың 175 жылдығы да тақырыптан тыс қалмай, 9-сынып оқушылары Абай атамыздың Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан сахналық көрініс жасап, Абай өлеңдері оқылды. Оқушылар үш тілде ұлы ақынның өмірбаянын жатқа айтты. 11-сынып оқушылары Омаров Алихан мен Бекжанова Диана «Татьянаның Онегинге жазған хатын» да жатқа оқыды. Әр күн гі жұмыстарымыз Instagram желісіндегі мектеп сайтына жарияланып отырды. Онкүндіктің соңғы күні оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың қатысуларымен Онлайн концерт қойылып, құттықтаулар жарияланды.
Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесі құтты болсын. Қазақ тілінің мәртебесі биіктей берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.