“Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Златополья отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Конкурс

 

          Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бұйрығына сәйкес, «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының және педагогтарын лауазымға тағайындау, босату қағидаларын бекіту туралы» ережеге сәйкес, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Златополье ауылының жалпы білім беретін мектебі»  КММ бұйрығына сәйкес Парковая көшесі 14а, телефон 87163694536 ,e- mail scoo-l@mail.ru бос және уақытша бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Бос лауазым:

  1. Химия мұғалімі мемлекеттік тілінде және орыс тілінде оқыту -аптасына 14 сағат оқу жүктемесімен
  2. Биология мұғалімі – аптасына 16 сағат оқу жүктемесімен
  3. Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі  – аптасына 16 сағат оқу жүктемесімен
  4. Ағылшын тілі мұғалімі – аптасына 16 сағат оқу жүктемесімен
  5. География мұғалімі – аптасына 6 сағат оқу жүктемесімен (мемлекеттік тілінде оқыту)
  6. Тарих мұғалімі – аптасына 12 сағат оқу жүктемесімен(мемлекеттік тілінде оқыту)
  7. Тәлімгер – 1 ст.
  8. Шағын орталық тәрбиешісі – 1 ст.

Уақытша бос лауазым:

  1. Бастауыш сынып мұғалімі (мемлекеттік тілінде оқыту) – аптасына 20 сағат.

Лауазымдық міндеттері:

Тәрбиешісі:

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулықты сақтайтын технологияларды қолданады;

педагогикалық үдересті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына, жас ерекшелігіне сәйкес оқу қызметі кестесіне сай жүзеге асырады;

күн тәртібіндегі сәттерді ұйымдастырады және өткізеді (таңғы қабылдау, таңғы жаттығу, қүндізгі қабылдау, балалар қызметін басқару (ойын, шығармашылық, танымдық, қимылдық, бейнелеу, еңбек, тәжірибелік, дербес және т.б.), серуен күндізгі ұйқы, жеке жұмыс, сауықтыру шаралары), заттық – дамыту ортасын жасайды;

балалардың дамуына уақытқулары бар мамандарға түзету жұмыстарына көмектеседі, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқу – тәрбие үдересін жоспарлайды, оқу – әдістемелік әдебиеттерді және топтағы балалардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып жұмыс жүргізеді;

тәрбиелік  – білім беру қызметін қолжетімді нәтижелер негізінде жобалайды.

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды мектепке қабылдау кезінде тең бастау мүмкұндіктерін қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына бейімдейді (әлеуметтендіреді)

ерекше білім беру қажеттіліктері бар әр балаға мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, жекелей көзқарас қамтамасыз етеді;

мектепке дейінгі ұйымдарда өткізілетін  іс – шараларға қатысады (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, байқаулар және т.б.);

отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу негізінде ең үздік практикаларды зерттеу, жинақтау, тарату және енгізу жұмыстарымен айналасады;

мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата – аналарға кеңес беру көмегін көрсетеді;

Барлық пән мұғалімдері:

Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырады;

оқушылардың тұлғалық жалпы мәдениетін қалыптастыруға және әлеуметтенуіне ықпал етеді, жеке қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды;

оқушыларда мұғалімге деген құрметті көзқарасты тәрбиелейді, мұғалімге аты – жөнімен немесе «мұғалім» деп тікелей сыпайы түрде жүгіну арқылы қарым – қатынас пен сөйлеу әдебін, іскерлік стильді сақтауды үйретеді;

жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын қолданады;

пән бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік - тақырыптық) жоспарларды, бөлім бойынша жиынтық бағалауға және тоқсанға жиынтық бағалауға тапсырмаларды құрастырады;

бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқандсық бағалау бойынша нәтижелерін талдап, түсіндірмелермен қорытындылайды;

қағаз және электрондық журналдарды толтырады;

оқытудың, жүйеліліктің, әрекеттіліктің, пәндік нәтижелердің білім алушылардың жетістіктері деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттан төмен болмауын қамтамасыз етеді;

оқытудың жеке оқу жоспарлары мен оқу үдересінің кестесіне сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін білім беру бағдарламаларын, соның ішінде бейімделген бағдамаларды іске асырады;

тәрбиенушілердің, білім алушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерттейді;

инклюзивті білім беру жағдай жасайды;

оқушының жеке қажеттіліктерін және ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдамаларын бейімдейді;

арнайы білім беру ұйымдарында пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуы бар тәрбиенушілерге, білім алушыларға арналған оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асырады;

интеграцияланған оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

мұғалімдер бірлестігі, мұғалімдер қауымдастығы, әдістемелік, педагогикалық кеңестер мен желілік қауымдастықтардың отырысына қатысады;

ата - аналарға арналған консилиумдарға қатысады;

ата - аналарға кеңес береді;

кәсіби құзыреттілігін арттырады;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс қағидаларын сақтайды;

оқу үдересі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

 ата – аналармен немесе олардың орнын басатын тұлғалармен ынтымақтастық орнатады;

тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін құжаттарды толтырады;

тәрбиенушілер мен білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.

Тәлімгер:

балалар қоғамдық ұйымдарының «Жас қыран», «Жас ұлан», бірлестіктерінің, пікірсайыстардың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді;

оқушыларға ұйымдардың қызметін жоспарлауда көмектеседі, олардың мазмұны мен жұмыс түрлерінің жаңаруына ықпал етеді;

балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып жұмыс жүргізеді;

ұжымдық - шығармашылық қызмет ұйымдастырады;

балалар мен жасөспірімдерді әрекеттегі ұйымдар туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдай жасайды;

оқушылардың азаматтық және адамгершілік позициясын танытуына, қызығушылығы мен қажеттіліктерін іске асыруына мүмкіндік беретін қолайлы жағдай жасайды;

білім беру ұйымдарында мәдени – бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді;

сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысы мен танымдық демалыс ұйымдастыруда көмек көрсетеді;

балалар және жастар ұйымдарын, пікірсайыстар, өзін – өзі басқару кеңесін, мектеп немесе студенттік парламенттерді ұйымдастырады, волонтерлік қозғалыстармен жұмыс істейді;

оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;

демалыс кезінде олардың демаласын ұйымдастырады;

оқушылармен жұмыс істеудің инновациялық тәжірибесін зерттейді және қолданады;

«Қоғамға қызмет ету», «Отанға тағзым», «Үлкендерді құрметтеу», «Ананы құрметтеу» қоғамдық – пайдалы жұмыстарды ұйымдастырады;

балалар ұйымдарының (бірлестіктерінің) бастауыш ұжымдарына басшыларды (ұйымдастырушыларды) іріктеу және дайындау жұмыстарын жүргізеді;

өзін – өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата -  аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді;

оқушылардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді.

 

2. Еңбекақы мөлшері тарифтік тізім мен штаттық кестеге сәйкес белгіленеді.

3. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылдың 12 тамызынан 2025 жылдың 20 тамызына дейін жүзеге асырылады.

4. Құжаттар тізімі:

1) қатысуға өтініш (құжаттар тізімі көрсетілген), осы Ережеге 3 – қосымшаға сәйкес нысанда;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат;

 

3) кадр есесбі бойынша жеке іс парағы (тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі көрсетілген жағдайда);

4) лауазымдық біліктілік талаптарына сәйкес келетін білім туралы құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін пастайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (075/у нысаны) ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығына сәйкес (ресми тіркеу нөмірі № 21579);

7) психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден психикалық аурулар мен нашақорлық бойынша тіркеуде тұрмайтындығы туралы анықтамалар;

8) № 086/у нысанындағы медициналық анықтама;

9) соттылығының жоқтығы туралы мәлімет;

10) шет тілін меңгергенін растайтын құжат (бар болса): халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL, Cambridqe Enqlish және т.б.);

 11) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына үміткердің бағалау парағы (осы Ереженің 12, 13 – қосымшаларына сәйкес нысан бойынша толтырылған);

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымына байланысты), оқу орнынан ұсыныс хат.

Уақытша бос лауазым мерзімі:

2025 жылғы 2 қыркүйектен 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Бос лауазымдар мерзімі:

 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап.


Текст