“Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Златополья отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы

«АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК

МЕКЕМЕСІ

 

 

ГОСУДАРСТВЕННОЕ

УЧРЕЖДЕНИЕ

«УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ

АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

 

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

Сәтпаев көшесі, 1, тел. 8-(7162)-90-31-00

эл. мекен-жайы: edu_obl@aqmola.gov.kz

 

 

020000, Акмолинская область, г. Кокшетау

ул. Сатпаева, 1, тел. 8-(7162)-90-31-00

эл. адрес: edu_obl@aqmola.gov.kz

 

 

 

 

Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшыларына

 

 

Ақмола облысының білім басқармасы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды (ХӘОТ) Ақмола облысының білім беру ұйымдарында тегін тамақпен қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 шілдедегі №523 қаулысымен «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысына көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Жаңа редакцияға сәйкес, тамақтануға кеткен шығындар келесі санаттағы балаларға өтеледі:

-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-мүгедектігі бар балалар;

-атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;

-атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;

Әлеуметтік көмек алу алгоритмі осы қаулының 6-тармағында сипатталған. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерді тегін тамақтандыру жөніндегі тізімге енгізу туралы шешімді білім беру ұйымының алқалы органы жүзеге асырады.

Баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысына енгізілген өзгерістер бойынша мектепке дейінгі ұйымдармен және ата-аналар жұртшылығымен тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдарға баратын, тегін тамақ алатын көпбалалы отбасылардан шыққан тәрбиеленушілердің тізімдерін түзету және а.ж. қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, тамақтану шығындарын өтеуді жүзеге асыру қажет.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысына  енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарға жаңадан қабылданған ХӘОТ-тен шыққан тәрбиеленушілер тегін тамақтандыру тізімдеріне енгізілуі тиіс.

 

 

Басқарма басшысы                                                   А. Балташева


Текст