Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес,
«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Златополье ауылы, Парковая көшесі, 14А, байланыс телефоны: 8 (71636) 9-45-36, e-mail: zlato.scool.01@gmail.com) төмендегі бос педагог лауазымдарына конкурс жариялайды:
1. Бос лауазымдар:
1) Оқыту тілі – орыс тілі болатын бастауыш сынып мұғалімі – аптасына 16 сағат (1 ставка);
2) Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – аптасына 24 сағат;
3) Тарих пәнінің мұғалімі – аптасына 24 сағат;
4) Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – аптасына 16 сағат.
2. Лауазымдық міндеттері Барлық мамандықтағы педагогтер:
оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушының жеке тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және әлеуметтенуіне ықпал етеді, олардың жеке қабілеттерін анықтап, дамытуға жәрдемдеседі;
білім алушыларда педагогке құрметпен қарауды тәрбиелейді, педагогке аты мен әкесінің аты бойынша немесе «мұғалім» деп сыпайы түрде жүгіну арқылы іскерлік қарым-қатынас мәдениеті мен сөйлеу әдебін қалыптастырады;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандары мен әдістерін, құралдарын қолданады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарларды, бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлейді;
бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелеріне талдау жасап, түсіндірме береді; қағаз немесе электрондық журналдарды жүргізеді;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
білім алушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін зерттейді;
инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес оқу бағдарламаларын бейімдейді;
арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылардың дамуындағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған оқыту-тәрбиелеу жұмысын жүргізеді;
1 интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқытуды ұйымдастырады;
әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік және педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың жұмысына қатысады;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді; кәсіби құзыреттілігін тұрақты түрде арттырады;
еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтайды; білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықта жұмыс істейді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды жүргізеді;
білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.
Еңбекақы мөлшері тарификациялық тізімге сәйкес белгіленеді.
3. Құжаттарды қабылдау мерзімі
Құжаттар 2026 жылғы 6 тамыздан 2026 жылғы 17 тамызға дейін қабылданады.
4. Қажетті құжаттар тізбесі
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген жағдайда);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
8) наркологиялық есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
9) педагогтердің сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының куәлігі (бар болса);
10) ағылшын тілі мұғалімі лауазымына үміткерлер үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор, педагогсарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының куәлігі (бар болса), не CELTA (PASS A), DELTA (Pass және одан жоғары), IELTS – 6,5 балл немесе TOEFL iBT – 60–65 балл сертификаты;
11) осы Қағидалардың 12, 13-қосымшаларына сәйкес педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан немесе оқу орнынан берілген ұсыным хат.
5. Бос лауазымдарға қабылдау мерзімі 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап.