“Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Златополья отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үй құстары

24.02.2018

Сабақтың тақырыбы: Үй құстары

Сабақтың мақсаты

Білімділік.Үй  құстары туралы жалпы түсінік беру, олардың түрлерін таныстыру, пайдасын түсіндіру.

Дамытушылық: Балалардың ақыл- ойын,сәздік қорын, байқағыштық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істей біліуін, ізденушілігін дамыту.

 Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, құстарға қамқоршы бола білуге баулу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру,баяндау,"Ыстық орындық"

Сабақтың көрнекілігі: құстар туралы слайд, кластер  құрастыру.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

А) сәлемдесу

Ә) оқушыларды түгендеу

Б) үй тапсырмасын тексеру

Психологиялық дайындық.

Мақсатымыз - білім алу,

Міндетіміз - еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла,

"5"ке қолды  жеткізу.

а) – сабаққа дайындықтарын тексеру

- сабақтың ережелерімен таныстыру

- топ ережелерін тақтаға іліп қоямын

1 – ереже: Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!

2 – ереже: Біреудің айтқанын қайталамаймыз!

3 – ереже: Сабаққа белсене қатысып

4 – ереже: Жақсы баға аламыз!

II. Үй жұмысын тексеру."Ыстық орындық" ережелерді сұрау

III.Сабақтың мақсатын айту;

Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қазір бізде ашық сабақ басталады. Бүгінгі сабақта білімізді көрсетеміз.Балалар ұялмай, жақсы жауап берейік.

Қызығушылықты ояту:

Мозайка құрастырамыз

IV.Жаңа сабақ   Үй құстары

Сөздікпен жұмыс

үй құстары-домашние  птицы

тауық-курица

әтеш-петух

қаз-гусь

үйрек-утка

күркетауық-индюк

Ой қозғау: Үй құстары бізге не береді?

Сергіту сәт: Ой сергітеді, шашағандары басылады

V.Шығармашылық жұмыс:  Кластер құрастыру.

VI.  Сабақты қорыту кезеңі: Сұрақтар қою арқылы.

1. Ал, балалар бүгін сабақта не істедік?

2. Не білдік?

3. Не қызықты болды?

4. Сіздер қандай шығармашылық жұмыстар орындадыңдар?

5. Сендер үшін сабақта ең бастысы не болды?

- Сендерге сабақ ұнады ма?

- Жақсы жарайсыңдар!

VII. Рефлексия.

Қонақтармен коштасу

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді

аламыз.

Бүгінгі келген

қонақтарға,

Сау болыңыздар деп

айтамыз.

IX. Үйге

тапсырма: жаңа сөздерді жаттау

X. Бағалау.

белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Просмотров: 1441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст