Текст
Биыл 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толады. Бұл – Отанымыздың тарихындағы қасіретті бет. Мектепте осы соғысқа арналған іс-шаралар жоспарланып, өткізілді. Бүгін «Жарияланбаған соғыс» еске алу сағатын өткізуге интернационалист-жауынгерлер, жерлестеріміз Сергей Иванович Кулемин мен Жұмаділ Алдамжарұлы Түкібаев шақырылды. 9-11 сынып оқушыларымен Отан алдындағы парыз және патриоттық сезім тақырыбында шынайы ашық диалог өтті. Еске алу сағатының қонақтары қатарында Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының студенті Омаров Әлихан да болды.