Текст
2019 жыл наурыз айының 6 – шы жұлдызында Златополье орта мектебіне қарасты «Қарлығаш» шағын орталығының «Капельки» I - кіші тобында халықаралық әйелдер мейрамына орай «Карлсон поздравит всех! » атты ертеңгілік өтті. Мерекеде балалар аналарына арнаған тосын сыйлыры мен қатар ән айтып, би биледі. Әжелеріне арнап тақпақтар айтты және аналар мен балалар арасында қызықты ойындар ойнатылды. Аналарға арнап музыкалық слайдшоу көрсетілді. Мереке соңында балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады. Мерекеге келген аналар тәрбиешілерге алғыс айтып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.