Сәуір айында "Рухани жаңғыру"бағдарламасы жарияланған күннен бастап 2 жыл болады. Осыған байланысты осы бағдарлама бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес 5 .04.2019ж. мектепте "Менің Қазақстаным" тақырыбында "Своя игра"зияткерлік ойыны өтті. Ойынға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты-жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, біздің республикамыз бен онда тұратын ұлы тұлғалар туралы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы балалардың білімдерін бекіту. Балаларға "Отанға деген махаббат" құндылығын жеткізу, өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Ойын 5 турда өтті: "Біздің Мерекелер" "Барлығы Қазақстан туралы" "Есімдер" "Қазақстанның Символикасы" "Мемлекеттік тіл" . Әрбір турда 5 сұрақ болды. Балалар сұрақтарға белсенді жауап берді. 5 тур қорытындысы бойынша бірінші орынды 5 сынып командасы иеленді. Барлық балаларға қатысқандары үшін рахмет.