“Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Златополья отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ»

10.03.2017

Пәннің аты

Әдебиеттік оқу

Уақыты: 03.02.2017ж

Кабинет:Бастауыш сынып

Мұғалім:

Ишмухамедова Р.И.

Сабақтың атауы

Ы.Алтынсарин  «Таза

бұлақ»

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға

Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат  ала отырып, өзара білім алмастыру. Әңгіменің

тақырыбы мен автор идеясын ашу, әдеби тұрғыдан талдау жасау дағдыларын

қалыптастыру.

 

 Жұмыс

нәтижесі|: Ы.Алтынсариннің шығармашылығы туралы біледі.

Сабақтың типі: жаңа білімді

меңгерту.

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Әдіс - тәсілі:  АКТ-ны қолдану, Ынтымақтастық және топтағы

бірлескен жұмыс, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. СТО әдістері

 Ресурстар: слайд, Ы. Алтынсарин

портреті, суреттер, геометриялық фигуралар, постер, маркелер, теледидар,

оқулық.

Психологиялық ахуал

1 мин

 Психологиялық тренинг өткізу

 Әппақ болып таң

атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі

сабаққа сәттілік тілейді

 

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту

2 мин

 Топқа бөліну

геометриялық фигуралар  арқылы

1-топ «Бұлақ»

2-топ «Бастау»

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен

кіріседі.

 Білу

5 мин

Өткен тақырып бойынша білімін анықтау.

 Қысқы ойын

түрлерін айту.

Үй тапсырмасын тексеру бойынша «Қар лақтыру» ойынын

ойнау.

Балалар өздері сұрақ жазады сол сұрақты бір-біріне

жолдайды. Алған бала жауап береді.

Түсіну

7 мин

Интерактивті тақтадан (теледидардан) Ыбырай

Алтынсариннің беріп жатқан сабағынан үзінді көрсету.

-Балалар бұл кім?

-Ы.Алтынсарин

Ендеше осы атамыз туралы толық мағлұмат алу үшін мен

сендерге  мәтін беремін. Сендер бұл

мәтінді толық оқып танысасыңдар. Бірақ түсініп оқимыз.

Уақыт болғанда оқушыларды ортаға шығарып  «Білім

кілті»  кілтті арқылы оқушылар

бір-бірінің сөзін қайталамай автор туралы алған білімдерін ортаға салады.

 

Берілген мәтін.


Ыбырай Алтынсарин  1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай

облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы

Балқожаның тәрбиесінде болған. Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі

болған, оқу - өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды

Орынборда ашылмақ болған, болашақ орыс - қазақ мектебіне жаздырып қойды. 1850

жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі - Ыбырай болған.

Ыбырай сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы “өте жақсы”

деген бағамен бітіреді.

1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып

ауысады. Ол кезде ол Шекаралық комиссияның төрағасы, шығысты зерттеуші

белгілі ғалым, профессор В. В Григорьевпен жақсы танысады. Атасы Балқожаны

жақсы сыйлатын Григорьев Ыбырайға аса жақсы ќарап, өзінің бай кітапханасын

пайдалануға рұқсат берген.  1860

қазақтар үшін 4 бастауыш мектеп ашылған кезде, Торғай мектебіне мұғалім

болуға сұранып рұқсат алады. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды, сол себептен

Ыбырай біраз балаларды өз үйіне әкеліп, оқытады. Торғай мектебі 1864 жылы

ғана ашылады.

1889 жылы 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.

Шығармалары:

Өлеңдері: «Өзен», «Жаз»

Әңгімелері: «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы»,

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т. б.

 

Қолдану

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

10мин

 Бейнежазбадан

бұлақтың үнін қою. (Оқушылар бұлақтың үнін естейді) (Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын

ашады)

Оқулықпен жұмыс.

Басты проблема – әңгіменің неліктен «Таза бұлақ» аталуы?

Әңгіменің мазмұнын ауызша баяндап, түсіндіру.

Оқушылардың өз бетімен жылдам әрі мәнерлеп оқу жұмысын жүргізу.

Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмысы.

Ғибрат алу – үлгі алу.

Топпен жұмыс.

1 - топқа тапсырма:

 5 - жолды өлең жазу

2  -  топқа тапсырма.

 Бұлақ сөздеріне ассоциация жасау.

 

Сергіту сәті

1 мин

 «Ақ бұлақ» өлеңі арқылы  сергіту сәтін өткізе отырып, әрі оқушыларды

қызықтыру, әрі жаңа сабақ мазмұнын аша түсу. 

Ой сергітеді,

шаршағандары

басылады

 Жинақтау

3 мин

 «Бақытты сәт»

ойыны

-Әңгіменің авторы кім?

-Ы.Алтынсарин қай жылы дүниеге келген?

-Ы.Алтынсарин қай облыста туған?

-Әңгімеде неше жолаушы болды?

-Қара таста не деп жазылып тұрды?

Үйге тапсырма

1 мин

 «Су тіршілік

көзі» тақырыбына эссе жазу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

2 мин

Оқыту үшін бағалау

және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

3 мин

 Желкінді

қайықтарын қалаған түске бояп жапсырады. жабыстырады

 

Просмотров: 885


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст