“Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Златополья отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

26.03.2017

18 -20  наурыз 2017 жылы Златополье орта мектебінде  Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізілді. Жұмыстың

оқушыларға мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыздың рәміздерімен таныстыру болды. Әр сынып өз сыныбының атынан әр түрлі музыкалық номерлелін тарту етті. 18 наурыз күні

бастауыш сыныптар арасында жүргізілсе, ал 20 күні ересектер аралығында мереке тойланды. Балалар тек мейрам туралы ғана айтып қойған жоқ, барша азаматқа  жақсылық пен көктей көгеріп-өсе беруді тіледі. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауімі оқушыларға осындай үлкен іс-шараға белсенді қатысқан үшін алғыс білдірді. Наурыз мейрамы ұлттық нақышта өтті.  Бұл мерекеде әртүрлі ойындар өткізілді. Арқан тартыс ойыны, қыз қуу ойыны және қол күрес. Осы ойындардан бөлек мұғалімдер арасында да біздің ұлттық салт- дәстүрімізді көрсетті. Сырға салу салты бойынша тұрмысқа шықпаған қызға сырға салып қойылады, демек ол атастырылды деген сөз. Сол қыз тек құда түскен жігітке қана тиесілі екендігін көрсетіп кетті. Келесі біздің көрінісіміз ұзатылу тойы деп аталды. Құда түсіп сырға салынған қызды ұзатылу тойын көрсетті. Әрине бәрі ұлттық нақышта көрсетілді. Бұл қойылымнан басқа, қыз келіншектер вокалының орындауында «Наурызым» атты ән жолданды. Мереке өте қызықты өтті. Бірі ән салса бірі би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Бәріңізді тағы бір рет «Ұлыстың Ұлы күнімен» шын жүректен құттықтаймын!

Просмотров: 363


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст