Златополье орта мектебінде 2016-2017 оқу жылдың 13-20 ақпан аралығында жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестіктің апталығы болып өтіпті. Салтанатты сапта оқушылардың және мұғалімдердің ұйымдастыруымен апталықтың ашылуы болып өтіпті. Келесі күні география пәннің мұғалімдері Нұржанов С.К. және Дегтярева Г.И. өзінің педагогикалық шеберлігін көрсетті. Олар «Солтүстік Американың географиялық орны» атты 7 сынып үшін ашық сабақ және «Моя Родина – Казахстан» 10-11 сыныптары үшін сыныптан тыс шараны өткізді. Балалар география пәнінен өзінің білімдерін кеңейтуге тағыда бір мүмкіндік алды және, өз елі үшін мақтанын тұтап, Қазақстанның атақты жерлерін және тұлғаларын атап шықты. Математика пәннің мұғалімі Уаисова Н.О. ұйымдастыруымен 6 сыныпта «Линейное неравенство с одной переменной» ашық сабағы өтті. Балалар өзінің тапқырлығын және жақсы есептеу икемділіктерін көрсетті. Ақпанның 15-ші жұлдызында Дегтярева Г.И. химия пәнінен 9 сынып оқушылары үшін «Своя игра» сабақтан тыс шараны өткізді. Математика пәннің мұғалімі Уаисова Н.О. 5-6 сынып оқушыларын ұйымдастырды және оларымен «Математик-банкир» сабақтан тыс шараны өткізді.
Балалар экономикадан және математикадан қосымша ақпараттарын алды. Физика пәнінің мұғалімі Калиева А.А. «Атмосфералық қысым» 7 сынып оқушылары үшін ашық сабағын өткізді. Сабағы танымдық және қызықты болды, балалар өздері бұрын бақылайтын құбылыстардың болуының себебіне жауабын тапты. Бейсенбі күні өнер мәртебесіне иеленді. Музыка пәнінің мұғалімі Чепыжко А.Ю. «Фортепианное искусство Казахстана» атты 6 сыныпта ашық сабағын өткізді. Оқушылар Қазақстанның композиторларының шығармашылығымен танысты. Қалназарова Г.К. музыка сабағынан «Орыс классикалық музыкасы – балет өнері» 5 сынып үшін ашық сабақ көрсетті. Балалар өнерінің әсем әлемін тамсанып тамашалады. Келесі күні эстафетаны география, физика және биология пәндерінің мұғалімдері жалғастырды. Нұржанов С.К. 7 сынып оқушыларымен бірге «Оңтүстік Америкаға саяхат» сабақтан тыс шараны өткізді. Леоненко С.А. физика пәнінен 8 сынып оқушыларымен сыныптан тыс шараны өткізді. Өте биік деңгейде де Алибек А.С.-дың «Қосмекенділер класы» атты 7 сынып үшін ашық сабағы өтіпті. Әрбір мұғалімі өз пәніндегі оқушылардың жақсы меңгеру деңгейін және сабақта жаңа педагогикалық технологияларын қолдана білу икемділіктерін көрсетті. Кешкісінде оқушылар және мұғалімдердің белсенді қатысуымен мектепте математикалық кеш өтіпті. Балаларға мұндай шараларға қатысуға ұнайды. Жаратылыстану-математикалық апталықтың соңында география пәннен 6 сынып оқушылары үшін «Температура воздуха» ашық сабақ (Дегтярева Г.И.) және жалпы
жаратылыстану-математикалық пәндерінен 9-10 сынып оқушылары үшін «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны (Алдабергенова А.С.) өтті. Оқушылар өз білімдерін бекітуге және кеңейтуге тағыда зор мүмкіншіліктерін пайдаланды. Мектептің барлық мұғалімдері өз әріптестердің сабақтарына қызығушылығын танытады және ондай түрлі шараларға қатысуға тырысады. 20.02.17 апталықтың салтанатты сапта апталықтың жабылуы және оның қорытындылары жарияланды. Оқушыларға және мұғалімдерге алғыс сөздері және келешекте оқуда жақсы нәтижелерін көрсету тілектер білдірілді. Бұл апталықта барлық пән мұғалімдері өздерінің шығармашылық жұмыстарымен қоса оқушылардың пәндеріне деген қызығушылық көзқарастарын көрсете білді. Барлық сабақтарда жаңа технологиялар мен басқа да әдіс-тәсілдерін қолданды.