(мәліметтер ҰБТ – ны өткізу тәртібі белгіленген ҚР «Білім туралы» заңы және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес көрсетілген өзгерістер болуы мүмкін).
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігі
Ұлттық тестілеу орталығы
АТА – АНАЛАР ЖАДЫНАМАСЫ
Ұлттық бірыңғай тестілеу
2017
1.
2017 жылғы ҰБТ – ның жаңа форматы
x
ҰБТ – ның жаңа форматы мектеп бітірушілер үшін
Қорытынды аттестаттау (ҚА) және жоғары оқу орындарына түсушілер үшін Ұлттық
бірыңғай тестілеу (ҰБТ) болып бөлінуімен ерекшеленеді.
x Қорытынды аттестаттау - мектеп түлектері 4
міндетті, 1 таңдау пәнінен тұратын, жалпы
орта білім берудің міндетті мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырады.
þ
шамамен 29 мамыр - 9 маусым аралығында түлектердің
оқу орнында өтеді;
þ
Қорытынды аттестаттауды сәтті тапсырғандарға жалпы
орта білімі туралы аттестат беріледі;
þ
Қорытынды аттестаттаудағы таңдау пәні ЖОО-на түсу кезіндегі
таңдалған мамандыққа әсер етпейді.
x
Ағымдағы
жылы ЖОО-на түсу үшін ҰБТ–ға қатысады:
þ
осы жылғы мектеп бітірушілері;
þ
қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім
беретін мектеп бітірушілері;
þ
республикалық музыкалық мектеп – интернаттарының
бітірушілері;
þ
«Алтын белгіге» үміткерлер;
þ жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық
олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың республикалық
және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы
жеңімпаздары;
þ жалпы білім беретін пәндер
бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми
жобалар конкурстарының жеңімпаздары;
þ АҚ «Назарбаев зияткерлік
мектебі» бітірушілері;
þ халықаралық мектеп
бітірушілері.
2.ҰБТ - ның мерзімі мен ұзақтығы
x Тестілеу ҰБТ өткізу пунктерінде
(ҰБТӨП) 20 маусымнан 1 шілде аралығында өткізіледі.
þ Өтініштерді қабылдау 10
наурыздан 10 мамырға дейін;
þ Тестілеу 20 маусым 1 шілде
аралығында;
þ ҰБТ-ның басталу
уақыты – сағат 09.00 (жергілікті уақыт бойынша);
þ ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3 сағат 50 мин
þ Тестіленушіге дәлелді
себеппен (әжетханаға, медициналық бөлмеге) шығуға тек уәкілетті тұлғаның алып
жүруімен тестілеудің бірінші сағатынан кейін 1 сағат 30 минут ішінде рұқсат етіледі. Осыдан кейін тестілеу
аяқталғанша аудиториядан шығуға рұқсат етілмейді.
3.Тестілеу барысында қауіпсіздікті
қамтамасыз ету.
x Тестілеу кезінде
тестіленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын алу мақсатында жүзеге асырылады:
þ Жарылғыш құрылғылардың бар
жоғын анықтау үшін ғимаратты тексеру;
þ Тестілеуге кіру барысында металіздегіштермен тексеру;
x Тестілеу барысында ҰБТ-ның ашықтығын және объективтілігін сақтау
мақсатында тұңшықтырғыш құралдары мен бейнебақылау құрылғылары қолданылады.
4.Тестілеудің нәтижелерін жариялау
x
Емтихан материалдарын өңдеу аяқталған соң тестілеу нәтижелерін:
þ
ҰБТӨП ақпараттық қабырғаларында (емтихан ведомостері)
þ
Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында. Тестіленуші нәтижесін сайт арқылы көру үшін
ТЖК (рұқсаттамада көрсетілген) мен ЖСН енгізу қажет.
5. Апелляция
x Тестілеу нәтижелері
бойынша келіспеушілік болғанда тестіленушінің
өзі келесі күнгі сағат 13:00 дейін ҰБТӨП
– де аппелляциялық комиссияға бере алады.
x Апелляцияға өтініш беру
барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін)
көрсету қажет.
6. Сертификат
x ҰБТ нәтижесі туралы
сертификат.
x Сертификаттың жарамдылық
мерзімі – ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.
x Сертификатты ламинаттауға
тыйым салынады.
7. Шығармашылық (арнаулы) емтихан
x Шығармашылық дайындықты
талап етуші мамандықтарға түсушілер шығармашылық емтихан тапсырады.
x Шығармашылық емтихан
өткізілетін мамандықтар тізбесі және емтихандарды өткізу тәртібін уәкілетті
орган бекітеді.
x Шығармашылық емтихан және
өтініштерді қабылдау оқуға жоспарланған
ЖОО-да тапсырылады
x Шығармашылық емтиханның мерзімі:
þ Өтініштерді қабылдау: 20
маусымнан 7 шілдеге дейін;
þ Емтихан 8 шілдеден 13 шілдеге
дейін.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін
бітірушілер үшін: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) тестілеу бөлімі
бойынша баллдар ескеріледі.
x Әрбір шығармашылық емтиханнан жоғарғы балл – 40.
x Шығармашылық емтихан ескергендегі максималды балл – 120.
x Педагогикалық
мамандықтарға түсуге жоспарлаған бітірушілер үшін бір арнайы емтихан
(педагогикалық жағдайды шешу) ЖОО
орнында өткізіледі.
x Арнаулы емтиханның мерзімі:
þ
Өтініштерді қабылдау және емтихан 20 маусым нан 18
тамыз аралығында жүзеге асырылады.
þ
Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деп бағаланады.
þ
Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге
қабылдану орны бойынша жоғары оқу орынына ұсыну үшін ведомстан көшірме
беріледі.
8.Жоғары оқу орындарына түсушілер
x ҚР жоғарғы оқу орындарына қабылдау келесі жолдармен жүзеге асырылады:
þ
мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру
гранттары) орналастыру арқылы;
þ
азаматтардың өз қаражатынан және басқа көздер
есебінен.
þ
Білім беру
гранттары конкурс негізінде ҰБТ
сертификатындағы балдарға сәйкес беріледі:
þ
нақты мамандындағы;
þ
тіл бөліміне қарай;
þ
оқыту түріне қарай;
x жоо оқуға түсуші қабылдау комиссиясына тағайындау
конкурсына қатысу үшін тапсырады:
þ
арнайы белгіленген бланктегі;
þ
білімі жайлы құжат (түпнұсқа);
þ
ҰБТ сертификаты;
þ
2 фотосурет (көлемі 3х4);
þ
086-У нысандағы медициналық анықтама;
þ
жеке куәлік (көшірмесі).
x Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа
өтініштерді қабылдау 23-31 шілде
аралығында жүргізіледі.
x Конкурста ҰБТ пәндерінің 1
және 2 блок бөлімдері, шығармашылық
мамандықтар үшін 1 блок бөлімдері (Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі) және шығармашылық
емтихандар бойынша баллдары есепке алынады.
x Конкурс нәтижесінде білім
гранты тағайындалғандығы туралы куәлік беріледі.
x Білім беру грантының иегерлерінің тізімі 10 тамыздан
соң бұқаралық ақпарат құралдарында
(«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сонымен қатар Ұлттық
тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланады.
9.ЖОО – на
түсудің икемді шарттары
x ҰБТ – ны қайта тапсыру
арқылы ЖОО –ның ақылы бөліміне түсуге болады.
x Шектік баллды ала
алмағандар, нәтижелері жойылғандар және ҰБТ – ға қатыспағандар ҰБТ-ны қайта тапсыра алады.
x ҰБТ қайта тапсыру мерзімі:
þӨтініштерді қабылдау 1 - 8 тамыз
аралығында;
þ Тестілеу 19 -24 тамыз
аралығында өткізіледі.
x
ҰБТ қайта тапсыру кезінде шектік балды ала алмаған
түсушілер бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін тестілеуді қайта
тапсыра алады.
x
ҰБТ қайта
тапсыру мерзімі:
þӨтініштерді қабылдау 5 - 12 қаңтарға дейін;
þ Тестілеу 20 - 24 қаңтар аралығында жүргізіледі.
10.Білім беру кредиті
x
Білім беру
кредиті – қаржы ұйымдарының мерзімділік, ақылылық және
қайтарымдылық шарттарында оқу ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
x
Несие Қазақстанның әр ірі қалаларының банк-серіктестері
бөлімшелерінде беріледі.
x
Кредит талапкер/студенттің атына ресімделеді, яғни
оқу ақысын төлеу бойынша жауапкершілік ата-анадан талапкердің/студенттің өзіне
жүктеледі;
x
Білім беру кредитін алу үшін:
þ 1.қадам -
кеңес алу үшін «Қаржы орталығы» АҚ немесе банк-серіктесімен хабарласу;
þ 2.қадам - қажетті
құжаттарды банк-серіктеске ұсыну;
þ 3.қадам - банктің
және Қаржы орталығының оң шешімінен кейін несие сомасын оқу орнының есебіне
аудару жүзеге асырылады.
x
Кредитті рәсімдеу үшін Қарыз алушыдан талап етілетін
құжаттар:
þжеке куәлік;
þтұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын
құжат;
þ ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған
көшірмесі);
þбілім алу шарты немесе оқу кезеңіне оқудың құны
көрсетілген төлеу шоты;
þқарыз алушыдан 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының
(заңды қамқоршыларының) қарыз алуға нотариалды куәландырылған келісімі,
сондай-ақ Банк сұратқан жағдайда басқа да құжаттар.
x
Кредитті рәсімдеу үшін қосалқы қарыз алушыдан талап
етілетін құжаттар:
þЖеке куәлік
þТұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын
құжат;
þ Табысы туралы жұмыс орнынан анықтама қағазы;
þЖеке зейнетақы шотынан соңғы алты ай бойынша үзінді
көшірме;
þБанк талап еткен жағдайда басқа да құжаттар.
Білім беру кредиті туралы
толық ақпарат www.fincenter.kz сайтында