Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Ұлттық тестілеу
орталығы
Ұлттық бірыңғай тестілеу
АПЕЛЛЯЦИЯ
БОЙЫНША ЖАДЫНАМА
2017
1.
Апелляцияға өтініш беру
x Тестілеу
нәтижесі бойынша апелляцияға өтініш берушінің өзі тестілеу нәтижелері
жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін береді және оны апелляциялық
комиссия бір күн ішінде қарайды.
x Өтініш ұлттық бірыңғай
тестілеу өткізу пунктіне (ҰБТӨП) беріледі.
x Аппеляцияға өтініш арнайы
үлгіде беріледі.
x Апелляцияға
берілетін өтініш үлгісін бекітілген өтініш беру мерзімінде ҰБТӨП-тен алуға
болады.
x
Өтініш беруге қажетті құжаттар:
þ
жеке басын куәландыратын құжат;
þ
ұлттық бірыңғай
тестілеуге (ҰБТ) кіруге рұқсаттама.
x
Өтініш
беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебі мен
негіздемесін) көрсету керек.
x
Апелляцияға
барлық тест тапсырмаларын қарау жөнінде түскен өтініште әр тапсырма бойынша
дәлелдемелер (толық түсіндірулер, есептердің адымдық шешулері) көрсетілмесе, ол
өтініш қарастырылмайды.
2.
Апелляция
түрлері
x Апелляция қарастырылады:
þ тест тапсырмаларының мазмұны мен мәтіні бойынша;
þ
Техникалық себептер бойынша.
x Тест тапсырмаларының
мазмұны мен мәтіні бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:
þ дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес
келмейді (дұрыс жауап нұсқасы көрсетіледі);
þ дұрыс
жауабы жоқ;
þ Бес жауап
нұсқасынан бір жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірнеше дұрыс
жауап болса(барлық дұрыс жауаптар нұсқасы көрсетіледі);
þ сұрақ
дұрыс құрастырылмаған;
þмәтіннің үзіндісі болмағандықтан,
нақты дұрыс жауап анықтау мүмкін емес;
x Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда
қарастырылады:
þ егер сканер дұрыс жауабы бар дөңгелекшені екі немесе одан да көп жауап
ретінде оқыса;
þ егер сканер дұрыс жауабы бар дөңгелекшені
бос
дөңгелекше ретінде оқыса;
þ ақауы бар жауап парағы.
3.Тест тапсырмаларының мазмұны және мәтін бойынша апелляцияға өтініш беру (үлгі)
4.Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш беру (үлгі)
4. Апелляцияны қарау
тәртібі.
x Апелляциялық
комиссия тестіленушілердің өтініштерін
тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін
келесі күнгі сағат 13.00-ден бастап
қарайды.
x
Апелляциялық комиссия әр тестіленушімен жеке
тәртіпте жұмыс істейді. Тестіленуші апелляция комиссиясының отырысына келмеген
жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
x Шешім тек
тестіленуші апелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға
берілмеген тапсырмалар қаралмайды. Апелляциялық комиссия апелляция кезінде
нұсқаны және таңдаған пәнді өзгерте алмайды.
x Егер
тестіленуші өзі дұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе,
онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» деген шешімін қабылдайды.
x Апелляциялық
комиссия тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептері бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, балл қосу
төмендегі ретпен іске асырылады:
þ Апелляциялық комиссия бекітілген нысан бойынша шешімді және оның
негіздемесін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді (РАК);
þ РАК апелляциялық комиссияның шешімін қарастырады
және аппелляция бойынша
соңғы шешімді қабылдап, ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссияға жібереді.