Текст
Златополье орта мектебінде 12-ші сәуір күні өрт қауіпсіздігіне арналған ауқымды іс-шара өткізілді. Мерекелік шараның мақсаты: өсіп келе жатқан жасөспірімдердің патриоттық тәрбиесін қадағалап, өрттен қорғану жайында мәлімет жинақтатып отыру. 5-ші сынып оқушыларына Калназарова Г.К. және Чипижко А.Ю жетекшілік ете Златополье ауылын аралап, ауыл тұғындарына өрт қауіпсіздігі жайында мәліметтер жинақталған парақшалар таратты. Бұл іс-шарада оқушылар өрт қауіпсіздігі кезінде 101 нөміріне хабарласу керектігін және өрттің алдын алу үшін үйдегі электро
құралдар мен газдың астын сөндіріп қадағалауларын айтып өтті.