ХАТТАМА
Златополье орта мектебінде педагогикалық кеңес
10-сәуір 2017-жыл
Кеңеске жалпы қатысқандар саны– 72:
Златополье ОМ - 30
Первомай ОМ– 19
Савинка ОМ – 17
Түлкілі ауылы бастауыш мектебі- 3
Тулегенов Ж.М – Бурабай
ауданы білім бөлімі бастығы
Абдрахманов А.Б. – Бурабай ауданы білім қызметкерлері Кәсіподағы Кеңесі төреағасы
Косыбаева А.Т. – Бурабай ауданы білім бөлімінің
әдістемелік бөлмесі меңгерушісі
Кудабаев Е.Т -төреаға
Цебермановская Н.В - хатшы
Күн тәртібінде:
1. Златополье орта мектебінің 2014-2017 оқу жылы қорытындысы бойынша мектептің жұмысына сараптама
Шығып сөйледі:
1. Кудабаев Е.Т. – Златополье орта мектебінің директоры
Қатнасушылардың назарына презентация талдауымен 3-жылғы үлгерімін, диаграмма, кестелер мен оқушылардың білімдері сапасы мен үлгерімдерін ұсынды.
Мектеп оқушыларының саны:
2014-2015 оқу жылында – 172
2015-2016 оқу жылында – 200
2016-2017 оқу жылында – 201
Мектепте «Қарлығаш» шағын-орталық қызмет атқарады, онда 2 жастан 6 жасқа дейін аралығындағы балалар тәрбиеленеді.
Мектепте жоғары білімді мұғалімдер – 26, орта арнайы білімділер – 13 мұғалім. Мұғалімдерден, жоғары санатты - 2, бірінші санатты – 11, екінші санатты -10, санатысыз мамандар – 7. Мұғалімдер әр түрлі деңгейдегі іс-шараларда қатынасып келеді.
2017-жыл қаңтарда мектепте ашық есіктер күні болды, оған Бурабай ауданы мектептерінің 65 (мектеп директорлары) қатынасты. Мұғалімдер өздерінің жұмыстарын сәтті атқарып, мектепте ашық сабақтарын өткерді.
Мектеп бойынша білім сапасы төмендегіше:
Оқу жылы |
1 тоқсанда |
2 тоқсанда |
3 тоқсанда |
4 тоқсанда |
2014-2015 |
45% |
47% |
53% |
53% |
2015-2016 |
50% |
52% |
55% |
56% |
2016-2017 |
52% |
54% |
56% |
|
Үлгерім пайызы: 2014-2015 оқу жылында -53%; 2015-2016 оқу жылында – 56%; 2016-2017 оқу жылында -58%
Мектепте жасөспірімдердің құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс тұрақты өткеріліп келеді. Мектепте мектепшілік ата-аналар жыйналысы өткеріліп келеді, балалар мен Златополье селолық округының аймақтық
инспекторы, мектеп психологы сұхбаттасу өткеріп келеді. КІБ есебінде тұрған балалар мектепте жоқ. Оқушылар сабақтан тыс уақыттарында қосымша сабақтарға қатынасады. Мектепте «Простор» әдебие-шығармашылық клубы, әскери-патриотты клубы, «Веселые горошины» би үйірмесі, «Дебаттар», «КТА», «Эрудит» орталықтары, мектеп Парламенті, «Журналистика» факультативі жұмыс жасайды.
Мектеп оқушылары республикалық және аудандық әр түрлі конкурстарда, пән олимпиадаларда қатысып келеді. Спорт қызметі белсенді жұмыс жасап келеді. Спорт секция жүргізіледі, балалар түрлы жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеледі. «Жастар-2017» оқушылар үшін спартакиадасының жеңімпазы, мектептің хоккей командасы қатарын 3 жыл аудан спартакидасының жүлдегері. 9-сынып оқушысы Пшеничный Данил ауданның сайланды командасының мүшесі. 9-сынып оқушысы Камышев Яков қол күресі бойынша Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. Мектепте асхана жұмыс жасайды, 2016-2017 оқу жылында 18-оқушы тегін тамақтану мен қамтылған. Мектеп әкімшілігі 2017-2019 оқу жылдарына мектептің даму жоспары істеп шығылған. (шығып сөйлеуі қоса беріледі)
2. Шахметов Ж.Е.- Первомай орта мектебі директоры
Педагогтардың және оқушылардың әр түрлі іс-шараларда қатысуы, педагогикалық құрамы, оқушылардың үлгерімі мен білім сапасы бойынша соңғы үш жылғы қорытындысы талдауын толық ұсынды.
Педагогтар құрамы:
2013-2014 оқу жылында – 20 мұғалім
2014-2015 оқу жылында – 20 мұғалім
2015-2016 оқу жылында – 23 мұғалім
1-санатты мұғалімдер-11,екінші санатты мұғалімдер-8, санатсыз, мамандар – 4 мұғалім.
Мектеп оқушылардың саны:
2013-2014 оқу жылында – 88/6
2014-2015 оқу жылында – 89/8
2015-2016 оқу жылында – 101/7
Үш оқу жылы бойынша оқушылардың білім сапасы:
2013-2014 оқу жылында – 59%
2014-2015 оқу жылында – 49,5%
2015-2016 оқу жылында – 52%
2016-2017 оқу жылы (1,2,3-тоқсандар да) мектептегі пәндер бойынша білім сапасы диаграммасын ұсынды.
ҰБТ тапсыру бойынша орташа ұпайы:
2013-2014 оқу жылында – 89 балл
2014-2015 оқу жылында – 83,4 балл
2015-2016 оқу жылында – 68,6 балл
Оқушылар олимпиада мен түрлі деңгейдегі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Педагогтар да конференцияларға,ресрубликалық семинарларға, олимпиадаларға, конкурстарға қатысады. Жүлделі орындарға мақтау қағаздары, сертификаттары, дипломдары бар. Мектепте «Балапан» шағын орталығы жұмыс істейді. Әр түрлі бағыттарда тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Мектеп оқушылары есебінде тұрмайды. (шығып сөйлеуі қоса беріледі)
3. Абылкасов Д.М. - директор Савинской основной школы.
Соңғы үш жылғы оқушылардың білім сапасын толық талдау есебін ұсынды. Мектеп оқушылары мен педагогтардың әр-түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысуы, мектептің педагогикалық құрамы мен таныстырды. Мектепте 16 мұғалім жұмыс істейді. Жоғары білімді – 15 мұғалім, орта арнайы білімді – 1 мұғалім, 1-санатты – 5, 2-санатты-11. Педагогтар жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Оқушылардың ББД-ы қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика пәндері бойынша сапалық сараптамасы:
2014-2015 оқу жылында – ҚГӘ - 30, ЖМӘ - 33
2015-2016 оқу жылында – ҚГӘ- 40, ЖМӘ - 40
2016-2017оқу жылында – ҚГӘ – 34, ЖМӘ – 34
Мектеп оқушылары мен ұстаздар аудандық және қашықтық олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға түрлі деңгейдегі пікірталастарда орын алды, олардың дипломдары, мақтау қағаздары, алғыс хаттары, сертификаттары бар. Спорт қызметі жақсы дамыған. Хоккей командасы ұйымдастырылған, шайбалы хоккей бойынша аудандық жарыстарда хоккей командасы бірінші орынды алды. Атап өткендей, мектепте барлық бағыттар бойынша тәрбие жұмыстары жұмысы жүргізіледі. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мұғалімдер, мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті, учаскелік инспектор Н.Ж Жангарин мен кешкі уақытта рейдтер өткізіледі. Мектеп оқушылары МІБ, КІБ есебінде тұрған оқушы жоқ. Дарынды балалармен жұмыс жүргізіледі.
4. Тюлемесова А.У- Түлкілі ауылы бастауыш мектебі директоры
Ол мектеп жұмысының 2013-2017 ж есебін ұсынды.
Мектепте оқиды:
2013-2014 оқу жылында – 26 оқушы
2014-2015 оқу жылында – 29 оқушы
2015-2016 оқу жылында – 15 оқушы
2016-2017 оқу жылында – 10 оқушы оқиды.
2016-2017 оқу жылында мектепте 3 педагог жұмыс істейді. Бірінші санатты 1 ұстаз, екінші санатты – 2 ұстаз. Мұғалімдер жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Үлгерім, білім сапасы қорытындысы нәтижелері бойынша:
2013-2014 оқу жылында - 64
2014-2015 оқу жылында – 70
2015-2016 оқу жылында – 60
2016-2017 оқу жылында – 70
Мектепте «Айгөлек» шағын орталығы жұмыс істейді, онда 4 бала тәрбиеленеді. Мектеп оқушылары мен ұстаздар түрлі олимпиадалар мен конкурстарға қатысады. Барлық бағыттар бойынша тәрбие жұмысы жүргізіледі. Дарынды балалармен де, үлгерімі төмен оқушылар мен де жұмыс жүргізіледі. МІБ және КІБ есбеінде тұрған балалар жоқ. (шығып сөйлеуі қоса беріледі)
Шығып сөйлеушілер:
1. Тулегенов Ж.М. – Бурабай ауданы білім бөлімі бастығы Бурабай ауданы білім бөлімінің жұмысының аудандық талдау жұмысы мәліметін ұсынды, білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар туралы мәліметтер, Бурабай ауданы мектептерінің ҰБТ-ны тапсыруын, түлектердің алған гранттарын жайлы ақпаратты ұсынды. «Дарынды балалар» аудандық бағдарламасын іске асыру туралы қорытынды ақпаратын, мектеп олимпиадаларының соңғы үш жылға салыстырған жеңімпаздарды туралы мәліметті берді.
2014-2017 оқу жылдарына арналған, білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім деңгейі және біліктілігі бойынша сараптамасы ұсынды. Білім беру ұйымдарының 2015-2016 оқу жылының педагогтардың жетістіктеріне, қысқа мерзімді біліктілігін арттыру курстарынан өту туралы ақпаратқа назар аудартты. Бурабай ауданы құқықбұзушылықтар бойынша ақпартты қатынасушылардың назарына жеткізді.
Златополье ауылдық округы мектептерінің білім сапасының, кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстың төмен деңгейдегін атап өтті. Педагогтар мен оқушылар олимпиадалар мен жарыстарға аз қатысатынын айтты. Оқушылар мен ғылыми-зерттеу қызметі жеткіліксіз деңгейде жүргізілуде. Тәрбиеленушілердің шағын орталыққа қамту көрсеткіштерін айта отырып 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар толық қамтылғанын айтты. Тәрбиеші ұстаздардың қысқа мерзімді курстардан өтуі, тәрбиеші ұстаздардың саны аз.
2. Косыбаева А.Т- Бурабай ауданы білім бөлімінің әдістемелік бөлмесі меңгерушісі. Ол қатысаушыларға оқушылардың білім сапасын асыру, өзін-өзі дамытуда, жарыстар мен олимпиадаларда қатысып, бір орында тұрып қалмай, шығармашылық жұмыстарында сәттілік, ізгі тілектерді тіледі.
3. Абдрахманов А.Т. – Бурабай ауданы білім бөлімі қызметкерлері Кәсіподағы Кеңесі төреағасы. Ауыл мұғалімдерін қолдау бойынша білім бөлімі тұрақты жұмыс жүргізуін атап өтті. Әр түрлы деңгейдегі көптеген іс-шаралар, жарыстар өткеріледі. Дамып, бір орында тұрып қалмай, барлық іс-шарларға белсене қатысуға ұстаздарды шақырды. Оқушылардың білім сапасы, ұстаздардың кәсіби дамуына байланысты. Барлық қатысушыларға табыс тіледі.
ҚАУЛЫ:
1. Мектептерге оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша жоспарлары әзірленсін.
2. Өз білімін жетілдіру бойынша мұғалімдер нәтижелі жұмыс жүргізілсін, жарыстарға белсенді түрде қатысу, олимпиадаларда педагогикалық тәжрибесін жалпылауда жұмыс жүргізілсін. Танысу үшін мектепшілік курстар, іскерлік ойындар, коучингтер, бағалау әдіс-тәсілдерімен, оқудың жаңартылған түрлері ұйымдастырылсын. Мұғалімдер деңгейлі курстардан өтсін. Жаңа жұмыс түрлері стратегиялық жоспары әзірленсін.
3. «Дарынды балалар» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілсін. Оқушылардың әр түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларда нәтижелі қатысу, ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуы қамтамасыз етілсін.
Төреаға: Кудабаев Е.Т
Хатшы: Цебермановская Н.В.