3 мамыр күні Щучье қаласы «Арман» ЦВУВР да өткен «Біз еліміздің ұланымыз » атты жігіттер сайысы өтті. Сайысқа қатысқан балалар 10-13 жас аралығында болды. Щучье ауданынан 10 оқушы қатысып, өз бағаларын алып марапаттарға ие болды. Ауылдық жерлерден және қала мектептерінен қатысушылар келіп қатысты. Златополье орта мектебінің оқушысы Ақмұратов Құдайберген сайысқа қатысып бас жүлдеге ие болды. Сайыс 3 турдан тұрды.
1 тур: өзін таныстыру.
2 тур: Сұрақ - жауап.
3 тур: Өз өнерінін көрсету.
Бұл 3 турдан да Ақмұратов Құдайберген сүрінбей жақсы нәтижеге қол жеткізді. Әрине 10 баланың арасынан озып шығу қиынның қиыны. Сайыста тек қана қазақ балалары ғана емес, өзге ұлт өкілдері де қатысып марапаттарға ие болды. Жетекшілік еткен қазақ тілі мұғалімі Қалназарова Гүлжамал. Әр бала өз алдына жеңіпаз. Қиын сұрақтарға жауап
берген ұлдапрымызға алғысымыз шексіз. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты жатқа білетін өзге ұлттарға да алғысымызды білдіреміз, сайысқа қазақ халқының салт-дәстүрін жатқа білгеніне. Мектебіміздің мақтанышына айналып үлгерген
Құдайбергенге, өмірдегі барша жақсылық пен жеңістерге жетсін деп тілектесеміз.