Текст
Мамырдың 5-шы жұлдызында Златополье орта мектебіне қарасты «Қарлығаш» шағын орталығының II - сәбилер тобында Отан қорғаушылар күніне арналған «Елімнің ертеңі» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте ата-аналар, балалардың дайындаған мерекелік бағдарламасын тамашалады. Мерекеде Отанға, туған жерге сарбаздарға арналған әндер айтылды, ұлдар «теңізшілер» биін, қыздар «Қуыршақ » биін биледі. Балалар мен әкелер арасында қызықты ойындар ойнатылды, балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын әкелеріне сыйлады. Мереке соңында
ұлдарға арнап мерекелік дастарқан жайылды.
Отанымыз тыныш,еліміз аман болсын!