Текст
«Отанды сүю отбасынан басталады» деген ұстаныммен жүретін Златополье орта мектебіне қарасты
«Қарлығаш» шағын орталығының « Гүлдер» тобы мамырдың 25 – шы жұлдызында «Отбасым мақтанышым» атты отбасылық сайыс өткізді. Сайыс таныстыру, отбасылық өнер, отбасы бірлігі (біріккен жұмыс),ым – ишара, соңын жалғастыр мағынасын түсіндір, отбасылық жағдаят сынды 6 кезеңмен өтті.Барлық отбасы сайыстың шарттарын қызығушылық пен орындап көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сайыс соңында әрбір қатысушы отбасыға мақтау қағаздары тапсырылып,балаларға сыйлықтар берілді.