“Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Златополья отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.06.2017

Бүгінгі біздің күніміз «Көңілді жаттығулармен» басталды. Жаттығуларды жасап болған соң барлық балалармен танысу ойындармен арқылы  өткізіп таныстық. Балалар бір – бірімен танысып, бір топта жұмыстар жасады. Бүгінгі біздің мақсатымыз балаларды бір  - бірімен мейірімді , адамгершілігі мол болуға, ауызбіршілікке болуға үйрету, тәрбиелеу. Балалар жұмбақтарды шешті, және де музыкалық әуен бойынша өлеңдерді танып айтты. Тәрбиешілер достық заңымен мен ережелерімен таныстырды. «Достық» туралы әнді тәрбиешілермен  бірге қосылып айтты. Темиргазиева Г. Балаларға ағылшын тілі, қазақ тілі және орыс тілі сөйлеуге үйретті. Түрлі ойындар, сергіту сәттер өткізді. Мектеп психологы «Достықты аялау керек» тренингті өткізді. Балалар  тәрбиешілерімен бірге күннің суретін салды. Соңында балалармен аулаға шығып қимылды ойындар өткізді.  Бүгінгі күніміз өте белсене , қызықты және көңілді өтті. Балалар  қызығушылығымен барлық тапсырмаларды орындады. «Достық» күні өте сәтті, жақсы өтті.

Просмотров: 323


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст