Текст
Ұйымдар тізімі
08.06.2017
Бүгінгі күніміз өте тамаша өтті. Балалармен таңғы жаттығуларды далада өткіздік. Балалар музыка әуенмен кезекпен жаттығуларды жасап шықты. Жаттығуларды жасап болған соң мектеп психологы балалармен ойындар өткізді. «Найзағай» , «Өрмекші» ойындарды ойнатқызды. Ағылшын мұғалімі Темиргалиева Г балалармен сабақ өткізді. Сабақ барысында Темиргалиева Г балалармен жаңа сөздерді жаттатқызды. Әртүрлі ойындар, тапсырмалар беріп, балалар белсене қатысып қызығушылықтары оянды. Тәрбиешілер балалармен далада спорттық ойындар өткізді. Бүгінгі күніміз өте қызықты , тамаша өтті. Дәстүр бойынша соңында балалар бір – бірімен қоштасты. Постерде көңіл күйлерін салды.

