Бүгінгі біздің күніміз «Кауіпсіздік – ең жоғарыда». Бүгінгі күнімізді әдеттегідей таңғы жаттығулармен бастадық. Жаттығуларды жасап болған соң, мектеп психологы балалармен бірлікке, достыққа, түсіністікке тренингтер өткізді. Тәрбиешілер балалармен музыка әуенмен би қимылды жаттығулар жасады. Балалар өте көңілді болып, әрі қарай жұмыстар өткізді. Бүгінгі күнімізге тақырыпқа байланысты бейнежабадан мультфильм көрсеттік. Мультфильмдерді көріп болған соң, тәрбиешілер балаларға «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» викториналық жарыс өткізді. Бұл викторинаның өту мақсаты балаларға жолда жүру ережесін, жол белгілерінің түрлерін жайында білімдерін толықтыру. Барлық балалар жолда жүру ережелерін, белгілерін жақсы білетінін сұрақ – жауап арқылы білімдерін көрсетті. Балалармен қимылды ойындар өткіздік. Ағылшын мұғалімі қызықты ойындар өткізді. Тәрбиешілер балаларға топтық тапсырмалар берді. Жол белгілерін салу, қию және жабыстыру. Бүгінгі күніміз өте тамаша, сәтті өтті. Дәстүр бойынша балалар смайликтер арқылы көңіл күйлерін салып, бір – бірімен қоштасты.