“Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Златополья отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сайыс – ойын «Ертегі әлеміне саяхат».

16.06.2017

Мақсаты: Оқушыларға ертегі туралы айту, оның түрлерін бөле білу. Ертегілердің кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге үйрету. Ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ертегіні сүюге тәрбиелеу.

Түрі: сайыс – ойын

Көрнекілік: суреттер, ертегілер жинағы, карточкалар

Өтілу барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық сәт

ІІ . Жүргізушінің сөзі:

-         Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгін сіздермен «Ертегі әлемінде»  деген жарысты өткіземіз.  Ертегі деген не? Әр халықтың өзінің ертегілері бар және олардың  кіріспе сөздері де әртүрлі басталады. Мысалы: орыс халқының ертегілерінде «Жыли – были» деп басталса, қазақ халқының ертегілерінде айтылғандай,

«Бар екен де, жоқ екен,

 Бөре бақауыл екен

Түлкі жасауыл екен,

   Ертек, ертек, ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен,

Құйрығы келте екен,

Құйрығы қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен»,

- деп, біз де ертегі әлеміне кірейік, ойындарға, жеңіске жетейік.

Алдымен екі топқа бөлініп, ертегіге байланыстыра командамыздың атын қояйық. 

1 – тапсырма. «Сөзжұмбақ»

1.    Кім сыпырғыда ұшады?

2.    Аленушканың інісі неге айналды?

3.    Үш басты жануар?

4.    Қыста ұйықтайтын аң?

5.    Апасы мен атасынан не қашады?

6.    Қасқыр лақтарға ненің өлеңін айтады?

7.    Қызыл телпек нені кездестірді?

8.    Түлкі: - балықты құйрығыммен ұстадым – деп нені алдады?

9.    Қай ертегіде барлық аң үйге сыйып кетеді?

2 – тапсырма «Көрініс»

Әр топ ертегілердің инсценировкасын көрсетуі үшін балаларды ортаға шақырайық

3 – тапсырма «Ақыл – жастан, асыл – тастан»

Ертегіден алынған сөздерді оқимын, ал топтар қай ертегі және кейіпкерлері кім екенін атаулары керек.

1.    Келші, менің мұрныма отыршы, соңғы кезде менің құлағым нашар естіп жүр. (Бауырсақ)

2.    Әй, шал, мен ханша болғым келеді, - деді кемпір. (Алтын балық)

3.    Үш баласы өз оқтарын әр жаққа атып, сол оқтармен бірге қалындықтарын алыр келу керек. (Ханшайым бақа)

4.    Әжей, сіздің мұрныңыз неге үлкен? (Қызыл телпек)

5.     Аю аспаннан: -«Отырма, демалма, самсаны жеме»  деген дауысты естіді (Маша мен аю)

6.     «Менің сақам қайда» - деп, жылады бала  «алтын сақа)

4 – тапсырма «Тез құра!»

-        Менде екі конверт бар, ішінде сурет бар, соған байланыты қысқаша ертегі құра.

-         Осымен бүгінгі «Ертегі әлемінде»  деген ойын сауығымыз аяқталды. Топтардың белсенді қызығушылықпен қатысқаны үшін көп – көп рахмет!

Просмотров: 1440


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст