Бүгінгі күніміз дәстүр бойынша таңғы жаттығулармен басталды. Жаттығуларды орындап болған соң, тәрбиешілер би жарысын ұсынды. Екі топқа бөліп, музыка әуенмен қимылдарын көрсетті. Балалар бір – бірімен белсене жарысты. Ағылшын мұғалімі шеңберде балалармен қызықты ойындар өткізді. Ойын барысында балалар жаңа сөздермен
танысты. Тәрбиешілер бүгінгі күннің тақырып бойынша жарыс – ойынмен шарртармен таныстырды. Балаларды санамақ бойынша екі топқа бөліп , аялдамада тапсырмаларды орындауға ұсынды. Жеті аялдама бойынша , балаларға қызықты және де тапқырлыққа тапсырмалар берілді. Барлық тапсырмаларды балалар белсене, қызыға орындады. Соңғы аялдамада қазынаны тауып, сол тәтті қазынаны жеді. Дәстүр бойынша көңіл – күйлерін смайликтер арқылы бейнеледі. Бір – бірімен қоштасып, күніміз сәтті, қызықты өтті.