Текст
Бүгінгі күніміз би жаттығулармен басталды. Тәрбиешілер балаларға би қимылын көрсетіп , балалар сол қимылдарды билеп қайталады. Билеп болған соң, балалар бейнежазбадан мультфильм көрді. Бүгінгі тақырыпқа байланысты , балаларға тапсырмалар берілді. Екі топқа бөліп, әр топ топтың атын, ұранын құрастырды. Топта балалар өз өнерлерін көрсетті: би биледі, тақпақ айтты, өлеңдер айтты. Ағылшын мұғалімі балалармен қызықты ойындар өткізді. Ойын барысында балалар қызығушылық, белсенділік, зейінділік танытты. Тәрбиешілер балалармен түрлі ойындар өткізді. Бүгінгі күніміз өте тамаша , сәтті өтті. Дәстүр бойынша балалар өз көңіл – күйлерін смайлик арқылы бейнеледі. Бір – бірімен шеңберде қоштасып, үйлеріне қайтты.