Бүгінгі біздің күніміз «Жазғы калейдоскоп күні» әдеттегіндей таңғы жаттығулармен басталды. Балалардың көңіл – күйлері өте тамаша болды. Мектеп психологы балалармен достық туралы тренинг өткізді. Тренинг жасап болған соң балаларға бүгінгі күн туралы әңгімелеп бердік Жазда өз дене мүшелерін қалай күтім жасауға мәлімет бердік. Балаларға бейнежазбадан жаз туралы мультфильм көрсеттік. Тәрбиешілер балаларды екі топқа бөліп, викториналық сұрақтар берді. Және балаларға бүгінгі күнімізге байланысты сурет салуға ұсындық.Тапсырмаларды орындап болған соң, суреттерді қорғады. Ағылшын мұғалімі балалармен түрлі ойындар ойнатқызды. Тәрбиешілер балалармен станция бойынша қимылды ойындар өткізді. Қимылды ойындар ойнатқызып, балалар өте көңілді болды. Дәстүр бойынша балалар өз көңіл күйлерін смайликтерді салды. Балалар бір – бірімен қоштасып, көңілді күйлерімен үйлеріне, қайтты.