Текст
12 мамыр күні сағат 12.00 – де 9 сынып оқушылары мен мектеп әкімшілігі "9 ай-9 іс-шара" бағдарламасы аясында "Жасыл мекен"челленджіне қатысты. "Жасыл мекен" челленджінің мәні көктемгі кезеңде көшет отырғызудан тұрады. "Жасыл мекен" челленджі білім алушыларды экологиялық мәдениетке, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекқорлыққа, қоршаған ортаны көгалдандыруға тәрбиелеуге бағытталған. Көшеттерді отырғызу балалардың қоршаған ортаға, айналасындағыларға деген қамқорлық сезімін дамытуға әкеледі.