Ұйымдар тізімі
10.04.2023
Бүгін сәуір айының 10 күні мектебімізде қоғамдық гуманитарлық пәндер бойынша он күндіктің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында әр пән бойынша оқушылар қатысып, соңында бір шаңырақ астында өзге ұлттар тату-тәтті өмір кешіп жатқаны және де еліміздегі Үш тілді білу өнер туралы сахналық қойылым көрсетілді.
Бұл іс-шараға пән мұғалімдері мен мектеп оқушылары жақсылап дайындалды.
Әр мұғалім - өз пәнінің көшбасшысы дегендей, безендіру жұмысынан бастап осы он күндіктің жоспарын жасап, оқушылардың қызығушылығын арттыруға өз үлестерін қосты. Осы іс-шараға белсенді қатысып, өз идеяларын ортаға салып оны жүзеге асырған Қоғамдық гуманитарлық бірлестігінің ұстаздарына алғыс білдіреміз.
Әдіс бірлестігінің жетекшісі:Мурзабулатова Анар Жанатқызы

