Текст
13 желтоқсанда Златополье орта мектебінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Туған жерім - тірегім" атты концерт өтті.
Концертке "Қарлығаш" шағын орталығының тәрбиеленушілері 1 – 11 сынып оқушылары, мектеп қызметкерлері қатысты.
Сахнада Отан туралы орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде көптеген патриоттық өлеңдер оқылды.
Концертте Отанын, Қазақстанды, Астананы сүйетін танымал авторлардың әндері шырқалды.
Оқушылар "Аққу", "Күй шашу", "Көнілді бүлдіршін", "Шабандос" билерін биледі.»
Концертке Златополье орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары, Златополье ауылының тұрғындары қатысты.