Текст
12 қараша күні мектептің спорт залында 2-4 сынып оқушылары арасында "Көңілді старттар" өткізілді. Әділқазылар алқасы құрамына кірді: А. С. Горбачева - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, С. С. Казкенова - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Эстафета 7 кезеңнен тұрды. Жас спортшылар командалардың атауын, ұранын дайындады. Жарыс қызықты және көңілді өтті, қазылар алқасы жеңімпаздарды атады, командаларға грамоталар табыс етілді.