“Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение «Общеобразовательная школа села  Златополья отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Конкурс

16.08.2022

Конкурс

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 568 бұйрығына сәйкес «Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Златополье ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ Парковая көшесі 14а, телефон 87163694536, e- mail scoo-l@mail.ru бос және уақытша бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Бос лауазымдар:

1) бастауыш сынып мұғалімі 1-сынып (мемлекеттік тілде оқытатын сыныптарда оқыту құқығымен).

2) химия мұғалімі (мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын сыныптарда оқыту құқығымен).

3) Тарих мұғалімі.

4) Алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы-Педагог.

Уақытша бос лауазымдар:

1) Ағылшын тілі мұғалімі.

2) бастауыш сынып мұғалімі 3-сынып (мемлекеттік тілде оқытатын сыныптарда оқыту құқығымен).

3) 1-сынып бастауыш сынып мұғалімі (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда оқыту құқығымен).

1. Лауазымдық міндеттері:

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе «мұғалім» тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

ата-аналарға кеңес береді;

кәсіби құзыреттілікті арттырады;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

2. Тарификациялық тізімге сәйкес еңбекақы мөлшері

3.Құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 17 тамыздан 2022 жылғы 24 тамызға дейін жүзеге асырылады.

4. Құжаттар тізімі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

5.Уақытша бос лауазымның мерзімі

1) Ағылшын тілі мұғалімі 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 2023 жылдың 25 мамырына дейін;

2) бастауыш сынып мұғалімі 3 сынып (мемлекеттік тілде оқытатын сыныптарда оқыту құқығымен) 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін;

3) 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін 1-сыныптың бастауыш сынып мұғалімі (орыс тілінде оқытатын сыныптарда оқыту құқығымен).

Просмотров: 189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст