Текст
Бүгін біздің мектепте "1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне"арналған сынып сағаттары өтті. Бүгінгі іс-шараның мақсаты балалар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру, балаларды бір-біріне көмектесуге, адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрметтеуге және бағалауға үйрету, сондай-ақ әртүрлі ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынасты тәрбиелеу. Отансүйгіштік сезімін, Отанға: оның табиғатына, салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу.