Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп-сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.
2019 жылы маусымның 1 жұдызында, Халықаралық балалар қорғау күніне Златополье орта мектебінде "Айгөлек" жазғы алаңы және балалардың ойнайтын алаңы салттанатты түрде ашылды. Міне, біздің «Айгөлек» жазғы алаңы да, осы балалаларды қорғау күніне арналған «Балалалық шақ» атты мерекелік шара өткізді.
Аталған мерекеге біздің ауылымыздың әкімі және мектеп директоры құттықтап келді. Балалардың ойнайтын алаңы салтанатты түрде ашып берді.
Балалар күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді ашып беріп және мерекелік лебізін білдіріп балалар үшін өте көңілді болды. Бұл мерекеде балаларға жеке бағытпен тапсырмалар берілді, Балалар қызығушылығымен, белсенділігімен тапсырмаларды орындады. Мереке соңында балаларға барлықтарына тәтті сыйлық таратты.