Текст
2019 жылдың 27 мамыр күні Златополье орта мектебіне қарасты «Қарлығаш» шағын орталығында «Солнышко»-ересек тобында «Қош бол , балабақша!» -атты ертеңгілік өтті. Балалардың алғашқы қоштасуы болғандықтан, бұл мерекені үлкен қуанышпен күтті. Балалар мектеп жайлы тақпақтарын айтты, балабақшадан кеткісі келмейтіндігі және сағынатындықтарын жеткізді. Балалармен өте қызықты ойындар ойналды, ойында ақылды әрі епті екендіктерін көрсетті.Әсем әндер айтылды, ұлдармен қыздар қоштасу биін биледі.Ата-аналарымызғада мереке ұнады, балаларымен қосылып ойындар ойнады.Балаларды құттықтап кішкентай бөбектерде келді. Балабақша түлектеріне дипломдар берілді.Ата-аналарынан сыйлықтар алды.Біздің мерекеміз өте көңілді өтті.