Текст
Златополье орта мектебіне қарасты «Қарлығаш» шағын орталығында, «Балапан»-ортаңғы тобында 2019 жылдың 4-ші мамыр күні «Отан қорғаушылар"-күніне арналған мерекелік ертеңгілік өтті. Мерекеміз балалардың құттықтауларымен басталды. Мерекеде балалар «Әке», «Ата» туралы тақпақтарын айтып, ән салды. Ұлдарымыз «Батырлар» биін биледі. Әкелерімізбен аталарымызға арнап ойындар, түрлі сайыстар ойналды. Балалар әкелеріне арнаған өте тамаша билерін биледі. Сонымен қатар балалар өз қолдарымен жасаған аталарына, әкелеріне ашық хаттарын сыйға тартты. Қыздарымыз ұлдарға арнаған сыйлықтарын тарту етті. Мереке өте көңілді өтті.