Текст
2019 жыл наурыз айының 18– шы жұлдызында Златополье орта мектебіне қарасты «Қарлығаш» шағын орталығының «Гүлдер» ортаңғы тобында Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамына орай «Наурызым, жаңа күнім! » атты ертеңгілік өтті. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдеп – ғұрыптарын болашақ ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында «Білгенге маржан» атты отбасылық сайыс өткізілді. Сайыс үш бөлімнен тұрды. 1. Таныстыру. 2. Салт – дәстүр рәсімін көрсету. 3. Мақал- мәтелдер жарысы. Мерекеде балалар қонақтарға арнап ән айтып, би биледі. Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Мерекелік дастарқан жайылып, балалар мен қонақтар наурыз көжеден дәм татты.Мерекеге келген аналар тәрбиешілерге алғыс айтып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.