Текст
2019 жылдың 18-наурызы күні «Қарлығаш»-шағын орталығында «Балапан»-тобында Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-көктем» атты ертеңгілік өтті.
Мереке құттықтау сөздерімен басталды, балалар тақпақтарын айтты, жұмбақтар шешті. Қазақтың ұлттық ойындары: «Қыз қуу», «Арқан тарту», «Орамал тастау» ойналды. Қонаққа әжеміз келді, балаларға қазақтың салт-дәстүрінен «Бесікке салу» дәстүрін көрсетті.Әжеміз әкелген наурыз көже, бауырсақ, айранынан балалар дәм татты.Балалар қазақтың салт-дәстүрімен танысты. Балалар «Наурыз айы» әнін айтты. «Қара жорға»-биін биледі. Мереке өте көңілді өтті.