Златополье орта мектебінде қыркүйек айының 7-мен 17 аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне орай, Тілдер декадасы өтті. Осы іс-шараға мектебіміздің филолог мамандары барынша ат салысты. Осы аралықта мектебімізде оқушылар мен мұғалімдер арасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Сабақ арасында қоңырау уақытында оқушылар үш тілде білімдерін сынап, Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылған қызықты грамматикалық тапсырмаларды орындап, сайысты. Мектебімізге биылғы оқу жылында келген жас мамандар да осы іс-шараларға қатысып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыра білді. Қазіргі заманда Үш тілді білу міндет. Осыған орай пән мұғалімдері дикьант, шығарма, эссе жазудан, сурет салудан сайыстар ұйымдастырып, әділ баға бере алды. Сондай-ақ, тіл мамандары сыныптан тыс іс-шаралармен ашы0 сабақтар өткізді. Сонымен қатар, «Тіл-ұлттың жаны» тақырыбында газеттер сайысы өтіп, сыныптар өз тілдеріне деген құрметті көрсете алды. Кітапханада биыл,ы оқу жылымен тұспа-тұс келген тарихи күндерге байланысты кітап көрмесі өтті. Мектебіміз Қоғамдық гуманитарлық циклда жұмыс жасауына байланысты , бұл іс-шараларға мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімдері де ат салысты. Оқушылар «Өз тарихыңды таны»атты сыныптан тыс іс-шарада тарихи жәдігерлер мен Қазақстанның өткені мен келешегіне арналған сабаққа да белсене қатысып, өз бағаларын алды. Өзге ұлтқа Қазақ тілін оқытуда пән мұғалімдері қызықты грамматикалық және викторналық сұрақ-жауап сабақтарын өткізді. Тілдер мерекесіне арналған декаданы «Ұлттар достығы» атты жәрмеңкемен аяқтадық. Мектеп оқушыларын белгілі топтарға бөліп, Қазақ, орыс және ағылшын халықтарының дәстүрі, дастарханы және өнерін көрсетуде әдемі іс-шарамен аяқтап нүктесі қойылды.