Текст
«Златополье ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қарасты «Қарлығаш» шағын орталығында 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Аяулы анашым» атты ертеңгілік өтті. Тәрбиеленушілер аналарына арнаған әндерін шырқап, билерін билеп, тақпақтарын айтты.Сонымен қатар балалар қызықты ойындар ойнап, аналарына өз қолдарынан шыққан құттықтау хаттарын табыстады. Топтың қызғалдақ қыздарына да сыйлықтар беріліп, балалар өте жоғары көңіл күйде болды.